БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ/О ДЕТСКОМ САДЕ
«Болашақ» ЖШС балабақшасы 2021 жылдан бастап Ақмола облысы, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында жұмыс істейді. Балабақша жергілікті отбасыларға сапалы мектепке дейінгі білім беру мүмкіндігін қалыптастыруды мақсат тұтты.
Балабақша толықтай қазақ тілінде оқыту негізінде жұмыс жүргізеді. Бұл ауылдағы балалардың ана тілінде сапалы білім алуына, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін ерте жастан меңгеруіне мүмкіндік береді. Ұйымда 57 орынға есептелген 4 жас тобы бар, қазіргі уақытта 54 бала тәрбиеленуде.
Ұйым Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (МЖМБС) талаптарына толық сәйкес жұмыс жүргізеді. Балалардың жан-жақты — дене, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дамуы балабақшаның негізгі басымдығы болып табылады.